Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Әйелдердің әлеуметтік желідегі әдебі» атты семинар өтті
Теміртауда «Әйелдердің әлеуметтік желідегі әдебі» атты семинар өтті

Теміртау қаласы «Жақып Ақбай» мешітінде «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Бұл игі бастаманы ұстаздар Нұртайқызы Индира, Дәуірғалиқызы Ақниет және Абдраймқызы Муслима өткізді.


Семинар барысында әлеуметтік желілерде әйелдерге тән әдебін сақтау, мәдениетті қарым-қатынас орнату және жауапкершілікті сезіну мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар, қатысушыларға жеке деректерді қорғау, интернетте өзара сыйластықты сақтау және әдепсіз әрекеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді.


Іс-шара мазмұнды өтіп, қатысушылар өздеріне қажетті ақпарат алып, пайдалы тәжірибе жинақтады.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz