Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен қала және ауыл имамдарына арналған семинар өтті. Іс-шараға Саран қаласы мен Ақтас кентінің имамдары қатысты.
Семинардың ашылуында Саран қалалық мешітінің бас имамы Мұсабеков Нұржігіт алғысөз сөйлеп, семинардың мақсаты мен маңызына тоқталды.
Бағдарлама барысында діни білім мен тәжірибе алмасу, қоғамдағы имамдардың рөлі, мешіт жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Семинарды тәжірибелі ұстаз Әбен Талғат жүргізіп, қатысушыларға пайдалы мәліметтер мен бағыт-бағдар берді.
Бұл басқосу имамдар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, діни қызметтің сапасын көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі