ҚМДБ-ның
Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар
секторы» мен «Ханифа» қыздар даму клубының жетекшісі
Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен «Сағындырған Алланың елшісі Мұхаммед
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)» атты рухани Мәуліт кеші өтті.
Айтулы шараға арнайы қонақ
ретінде ҚМДБ Түркістан облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Еңлік Мұратқызы
құрметті қонақ ретінде шақырылып, жиналған жамағатқа тәлімді уағыз-насихат
айтып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмірінен сыр шертті.
Кеш бағдарламасы мазмұнды әрі
әсерлі болды. Алдымен Құран хатым дұғасы жасалып, Мәуліт жыры мен
Пайғамбарымызға арналған жүрекжарды арнаулар оқылды. Сондай-ақ «Кешір бізді, иә
РасулАлла» атты мазмұнды монолог қойылып, бүлдіршіндер сүйікті пайғамбарымызға
арнап әндер шырқады.
Жамағат арасында викториналық
сұрақтар ұйымдастырылып, көпшілікке пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Сонымен қатар, кеш қонақтарына
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті тағамдары мер фуршед ұсынылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі