Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы түсіндірілді
«Қазыбек би» мешітінде «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы жамағатқа «Қажының рухани келбеті» атты тұғырнаманы кеңінен түсіндірді.


Тұғырнаманың негізгі мақсаты – қажылықтың мәні мен жауапкершілігін айқындап, қажыларға қойылатын талаптарды жеткізу. Құжатта қазіргі таңда өзекті болып отырған бірқатар түйткілді мәселелердің шешімдері де қамтылған.


Іс-шара барысында имам қажылық мәдениеті мен оны сақтау қағидаларына ерекше тоқталды. Сондай-ақ алдағы уақытта қасиетті сапарға аттанатын жамағатқа осы мәселелерді дұрыс түсіндіріп, толық жеткізудің маңыздылығын атап өтті.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz