Center Image
IHSAN.KZ
Долинка кентінде Мәуліт мерекесі аталып өтті
Долинка кентінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентінде Мәуліт мерекесіне орай рухани іс-шара ұйымдастырылды.


Жергілікті жамағаттың бастамасымен өткен игі жиында Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, мәуліттер оқылды. Іс-шара соңында жамағатқа дастарқан жайылып, бірлік пен бауырмалдықтың айқын үлгісі көрсетілді.


Жиынға Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы арнайы қатысып, жиналған қауымға мәнді уағыз-насихат айтты. Имам өз сөзінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен адамзатқа қалдырған асыл мұрасының мән-маңызына тоқталып, жамағатты ізгі амалдар мен имандылыққа шақырды.


Мәуліт – мұсылман қауымын бауырмалдыққа, ізгілікке, Алла мен Елшіге деген сүйіспеншілікке жетелейтін мерейлі мереке. Осындай рухани жиындар жамағаттың иманын күшейтіп қана қоймай, бірлік пен берекені арттырары сөзсіз.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz