Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы балалар орталығында насихат жүргізді
«Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы балалар орталығында насихат жүргізді

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Жарылқап Нұрлыбек Қарағанды облысының Балаларға арналған арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұжымына түсіндірме-насихат жұмысын жүргізді.


Аталған іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылып, «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбы қамтылды.


Насихат барысында ислам дініндегі бала тәрбиесінің негізгі қағидаттары, соның ішінде мейірім, әділдік, жауапкершілік және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) балаға деген мейірімді қарым-қатынасы мен өнегелі тәлім-тәрбиелік үлгілері айтылды.


Бұл бастама балалардың тәрбиесі мен қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттауда маңызды рөл атқарып, қатысушылардың рухани танымын арттыруға ықпал етті.


Іс-шара соңында мекеме ұжымы имамға алғысын білдіріп, мұндай рухани кездесулердің тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz