Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінің имамы жас спортшылармен кездесті
«Нұр» мешітінің имамы жас спортшылармен кездесті

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы «Тентек» спорт кешенінде жас спортшылармен кездесу өткізді.


Жиын барысында имам жастарға қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде тағылымды уағыз-насихат айтты. Атап айтқанда, «Жат діни ағымдардан сақтану», «Қоғам дерттері», соның ішінде нашақорлық, темекі және өзге де зиянды әдеттерден аулақ болу жайы қозғалды.


Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында имандылықты, саламатты өмір салтын қалыптастыру және оларды қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеу болды.


Жастар имамның тағылымды әңгімесін ықыласпен тыңдап, рухани тәрбие мен спортты қатар ұстанудың маңыздылығына көз жеткізді.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz