Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің дыбыс күшейткіштері жаңартылды. Бұл игі іс бас имам Орманбет Болатұлының бастамасымен жүзеге асты.
Ескі құрылғылар қайта жөнделіп, іске қосылды. Ислам дінінің басты құлшылығы – намазға шақыратын азан дауысының айқын естілуі үшін арнайы дыбыс күшейткіштер жеткізіліп, мешіт мұнараларына орнатылды.
Бұл жұмыс жамағатты таң намазына оятып, сауапты амалдарды орындауға ынталандыруға септігін тигізеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі