Center Image
IHSAN.KZ
Байқадам ауылындағы жаңа мешітке бақылау-басқару жұмысы жүргізілді
Байқадам ауылындағы жаңа мешітке бақылау-басқару жұмысы жүргізілді

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің  имамы Рүстем Мұратұлы бақылау-басқару жұмыстары аясында жақында ғана ашылған Байқадам ауылдық мешітіне арнайы барды.

 

Жаңа мешітке жуырда имамдық қызметке тағайындалған Орынбай Ерлан құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, аймақтың дін хәл-ахуалы  жайлы баяндады.

 

Аудан имамы мешітті жан-жақты аралап, соңғы уақыттағы жаңалықтардан хабардар болды. Шара барысында мешіттің тазалығы, ғимараттың ішкі-сыртқы жағдайы тексеріліп, атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.

 

Сонымен қатар, ауыл имамы өңірдің қазіргі діни ахуалы туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Рүстем Мұлатұлы Ерлан имамның жұмысына сәттілік тілеп, қызметіне береке тіледі.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz