Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы Байқадам ауылдық мешітіне барған қызметтік сапары барысында аймақтың қысқы дайындығымен танысты.
Ауыл имамы Ерлан Орынбай құлшылық үйі алдағы қыс маусымына толықтай сақадай сай екендігін жеткізді. Қажетті көлемде көмір түсіріліп, ғимараттың жылу жүйелері мен ішкі-сыртқы жағдайы тексерілді.
Аудан имамы мешіт ұжымының атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, қыста жамағаттың құлшылығына қолайлы жағдай жасауға бағытталған еңбектеріне сәттілік тіледі.