Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде Мәуліт айына құрмет ретінде «Сағындырған Алла Елшісі» тақырыбында әйел жамағатына арналған рухани кеш ұйымдастырылды.
Кешті мешіт ұстазы Әлия Рахманқызы құттықтау сөзбен ашып, уағыз айтты. Мешіт шәкірті Зарема Мәуліт жырларын оқыды. Жамағат хадистер мен өнегелі сөздер айтып, барлығы бірге салауат айтты.
Іс-шара аясында Құранға жаңадан түскен шәкірттерге тәж кигізу рәсімі өткізіліп, викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Жиналғандарға сыйлықтар таратылды. Соңында Мәуліт дұғасы оқылып, бата жасалды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі