Қарағанды облысы, Шет ауданы «Жанқұтты би»
мешітінің ұстазы Асыл Көкешұлы мешіт жамағатына «Мұқтасар» кітабы бойынша
тұрақты дәрістер жүргізіп келеді.
Сабақтар аптаның әр сейсенбі және жұма күндері
ұйымдастырылып, жамағатқа ислам негіздері мен діни білімнің басты қағидалары
түсіндірілуде.
Дәрістер барысында ұстаз шариғат мәселелерін жеңіл
әрі түсінікті тілде жеткізіп, жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап
береді.
Бұл игі бастама жамағаттың діни сауатын арттыруға,
имандылыққа тәрбиелеуге және мешіттің рухани орталық ретіндегі қызметін
нығайтуға септігін тигізуде.