Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданында «Нашақорлық – құрдымға кетіретін дерт» тақырыбында уағыз-насихат айтылды
Шет ауданында «Нашақорлық – құрдымға кетіретін дерт» тақырыбында уағыз-насихат айтылды

Қарағанды облысы, Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт жамағатына «Нашақорлық – құрдымға кетіретін дерт» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

 

Жиын барысында имам қоғамға аса қауіпті дерттің жастардың өміріне, отбасына және болашағына тигізер зиянды салдарын жан-жақты түсіндірді.

 

Сондай-ақ, Құран мен хадистерден мысалдар келтіре отырып, мұсылман баласы әрқашан адал жолды таңдауы, салауатты өмір салтын ұстануы және зиянды әдеттерден аулақ болуы қажеттігін баса айтты.

 

Берік Алпысбайұлы жамағатты аманатқа берілген денсаулықты бағалап, отбасы мен қоғамның тұрақтылығына үлес қосуға шақырды. Кездесу соңында мешіт жамағаты уағыздан тағылым алып, имамға өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz