Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде шәкірттер
арасында Құранның асыл қазынасы – «Хужурат» сүресін көркем оқудан сайыс
ұйымдастырылды.
Мәдиналық 18 аяттан тұратын бұл сүре – мұсылман
өміріндегі әдеп пен тәртіптің, татулық пен бауырмалдықтың айнасы. Сүре
мұсылманды бірлікке шақырып, кикілжің туындаған жағдайда оны шешудің жолдарын
көрсетеді. Сондай-ақ өсек-өтірік пен қызғаныштан тыйып, адамды ізгілікке
жетелейді.
Жарыстың негізгі мақсаты – шәкірттердің Құранға
деген сүйіспеншілігін арттыру, аяттардың мағынасын терең ұғындыру,
ізденімпаздыққа баулу. Сонымен қатар, жас буынға мұсылманға тән әдеп пен әдетті
үйретіп, қоғамдағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыруды насихаттау болды.
Сайыс нәтижесінде:
I
орын – Гүлдана Маратжанқызы (20 000 ₸)
II орын – Әсия Абдулқуддусқызы (15 000 ₸)
III
орын – Гүлнұр Маратқызы (10 000 ₸)
Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс
етіліп, жамағат алдында жасалған көркем оқу сайысы үлкен рухани мерекеге
айналды.
Іс-шара соңында мешіт ұстазы шәкірттерді Құранға деген құрметі
үшін құттықтап, Құран оқу – тек тілмен емес, жүрекпен сезініп, өмірде амал
етудің ең үлкен бақыт екенін атап өтті.