Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті
«Төлеутай ата» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті
«Төлеутай ата» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен жәнғ мешіт ұжымының ат салысуымен кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асты.

Бұл жолы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті мектеп киім-кешектері үлестірілді. 

Көпбалалы және тұрмысы төмен жанұялардың жас жеткіншектері мешіттен өздеріне қажетті киімдерін таңдап алып, ерекше қуанышқа бөленді.

Шара барысында ата-аналар жүрекжарды ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Өз кезегінде мешіт имамы қайырымдылық – мұсылманның ең көркем қасиеттерінің бірі екенін айта келе, мешіт жамағатын әрдайым ізгі істерге үлес қосуға шақырды.

Бұл қайырымдылық шарасы – жамағаттың бірлігін нығайтып, жастардың жүрегіне мейірім мен ізгілік дәнін септі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz