Теміртау қаласының орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде сауат ашу курсы жалғасып жатыр. Дәрістер мешіт имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен ұйымдастырылып, жамағаттың діни білімін арттыруға бағытталған.
Сабақтарда қатысушыларға Құран оқудың қағидалары, ислам негіздері және діни-рухани тәрбиеге қатысты мәліметтер түсіндіріледі. Жамағат дәрістерге белсенді қатысып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға тырысады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі