16 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні
Ислам дінінде тазалықтың орны айрықша бағаланады. Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ: «Тазалық – иманның жартысы» деп өсиет еткен. Сондықтан мұсылман адам қоршаған ортасын таза ұстап, қоғамды ластамауға әрдайым атсалысуы қажет.
Осы айтулы күнге орай Теміртау қаласының орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің жастары әйелдер намазханасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Игі іс-шара қала мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен ұйымдастырылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі