Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау имамдары мен жамағаты футбол ойынында бас қосты
Теміртау имамдары мен жамағаты футбол ойынында бас қосты

Теміртау қаласының орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің бастамасымен имамдар мен жамағаттың қатысуымен апталық футбол ойындары өткізіліп келеді. Бұл игі бастама мешіт имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен қолға алынды.


Спорттық кездесулер жамағат арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты арттырып, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Әр апта сайын өткізілетін ойындарға мешіт жастары да белсенді қатысып жүр.


Мешіт ұжымы аталған іс-шараны дәстүрлі түрде жалғастыруды көздеп отыр.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz