Қарағанды облысы Абай аудандық орталық мешітінде «Имамдардың білімін жетілдіру» атты оқу бағдарламасы аясында С санатындағы аудан мен ауыл имамдарына арналған арнайы жиын ұйымдастырылды.
Жиын барысында дін қызметкерлерінің діни білімін тереңдету, қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ уағыз-насихат жүргізудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар қазіргі заманғы имамның жауапкершілігі, ақпараттық сауаттылығы және жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы талқыланды.
Кездесуде имамдарға шариғат негіздері, пәтуа мәселелері, діни экстремизмнің алдын алу жолдары және мешіт жамағатымен жұмыс істеудің әдістемесі түсіндірілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі