Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Жұмабек ауылдық мешітінде сенбілік ұйымдастырылды. Игі шара ауыл имамы Сүйіндік Ахсаттың бастамасымен өткізіліп, оған жергілікті жамағат белсене атсалысты.
Сенбілік барысында мешіт ауласы тазаланып, айналасы ретке келтірілді. Жамағат ортақ іске бір кісідей жұмылып, мешіттің көркеюіне үлес қосты.
Мұндай іс-шаралар ынтымақ пен бірлікті нығайтып қана қоймай, жамағаттың мешітке деген жауапкершілігін арттыра түседі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі