Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Тазалық – иманның жартысы» жобасы аясында жалпы тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі іс-шара мешіттің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының бастамасымен өткізіліп, оған мешіт қызметкерлері мен жамағат белсене атсалысты. Қатысушылар Алланың үйінің ауласын, ішкі және сыртқы аумақтарын тазалап, ретке келтірді.
Имам Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы:
- Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән беріледі. Мешіт – жамағаттың ортақ құлшылық орны, сондықтан оны таза ұстау – әрбір мұсылманның жауапкершілігі, – деп атап өтті.
Жамағат бірлесіп жасаған бұл игі іс көпшілікке үлгі болып, мешітке келген әрбір жанға тазалықтың әрі рухани тәрбие, әрі иманға жақындық екенін сезіндірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі