Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар өтті
Қарағандыда «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар өтті

 

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында тағылымды семинар өткізілді.


Жиынның шымылдығын сектордың облыс бойынша жауапты меңгерушісі Әйгерім Берікболқызы ашып, семинардың маңызы мен мәніне тоқталып өтті.


Шараға арнайы спикер ретінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі «Шариғат және пәтуа» бөлімінің облыс бойынша жауапты маманы Жүсіп Шұғайұлы қатысты. Ұстаз өз сөзінде әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянына тоқталып, желіні қолданудағы әдеп нормаларын кеңінен түсіндірді.


Сонымен бірге мұсылман әйелдің жалпы әдебі мен көркем мінез-құлық туралы насихат жүргізіп, әлеуметтік желінің жасөспірімдердің болашағына тигізер кері әсерлерін мысалдармен жеткізді.


Семинар соңында қатысқан ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектер іс-шараға оң бағасын беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz