Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағат игілігі үшін асхана құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл игі бастама мешіттің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен атқарылу үстінде.
Асхананың сыйымдылығын арттыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, мешіт жамағаты, қала тұрғындары және жергілікті кәсіпкерлер өз үлестерін қосып, қолдау көрсетіп келеді.
Имам Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы:
- Асхана – жамағаттың бас қосып, игі шаралар ұйымдастыратын ортақ орны. Қайырымды жандардың қолдауымен бұл құрылыс толық аяқталса, ол мешіт өмірінде үлкен игілікке қызмет ететін болады, – деп атап өтті.
Жаңа асхана пайдалануға берілген соң, жамағаттың басын қосып, түрлі рухани, қайырымдылық және қоғамдық іс-шараларды өткізуге кең мүмкіндік ашылмақ.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі