ҚМДБ-ның
Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Нұра
ауданында биылғы жылғы үшір зекеті жиналды.
Игі іс-шараға
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы арнайы қатысып, жергілікті кәсіпкерлерге
үшір зекетінің мән-маңызы туралы насихат айтты. Облыс бойынша қордың жауапты
өкілі Асылхан Рахымжанұының мұрындық болуымен өткен шараға Нұра аудандық
мешітінің имамы Ерлан Серікұлы да қатысып, жергілікті жамағатқа ізгі тілегін
жеткізді.
Жиын барысында
аймақ кәсіпкерлері мен диқандары биылғы егістік өнімдерінен үшір зекетін беріп,
өздерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсетті. Жиналған өнімдер алдағы
уақытта әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға
үлестірілмек.
ҚМДБ-ның
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі