Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінің ауласына асфальт төселді
«Бала қажы» мешітінің ауласына асфальт төселді

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ауласына 200 шаршы метр аумаққа асфальт төселді. Бұл орын мешіт қызметкерлеріне арналған көлік тұрағы ретінде пайдаланылмақ.


Сонымен қатар жұма намазында мешіт ішіне жамағат сыймаған жағдайда осы алаңға жайнамаз төселіп, құлшылық жасауға мүмкіндік туып отыр.


Игі іске атсалысқан қайырымды жандарға жамағат атынан алғыс айтылды. Алдағы уақытта демеушілер табылған жағдайда мешіттің шарбақ сыртындағы көлік тұрағына да асфальт төсеу жоспарланып отыр.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz