Center Image
IHSAN.KZ
«Ерімбет Ата» мешітінде Құран дәрістері жалғасын тапты
«Ерімбет Ата» мешітінде Құран дәрістері жалғасын тапты

Қарағанды қалалық «Ерімбет Ата» мешітінде ұстаз Руслан Сләмқұлұлының жетекшілігімен тұрақты түрде Құран дәрістері өткізіліп келеді. Дәрістерге жасөспірімдер белсене қатысып, қасиетті Құран аяттарын жаттайды.


Сонымен бірге шәкірттер тәжуид ілімін меңгеріп, дұрыс оқу қағидаларын тәжірибе жүзінде үйреніп жатыр. Сабақтар жүйелі түрде өтіп, балалардың діни білімін арттыруға септігін тигізе бастады.


Жамағат ұстаздың еңбегіне ризашылық білдіріп, шәкірттердің алған білімі өмірлеріне рухани азық боларына сенім білдірді. 


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz