Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде «Нашақорлық – құрдымға апарады» атты уағыз өткізілді
«Төлеутай ата» мешітінде «Нашақорлық – құрдымға апарады» атты уағыз өткізілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жастарға арналған маңызды басқосу ұйымдастырылды.


Іс-шара аясында мешіттің бас имамы Рауан Төлеубекұлы «Нашақорлық – құрдымға апарады» тақырыбында уағыз айтып, қоғамда белең алып отырған зиянды әдеттің зардаптарын кеңінен түсіндірді.


Имам өз сөзінде нашақорлықтың жеке адам өміріне, отбасына және тұтас қоғамға тигізер орасан зор зиянын атап өтті. Сондай-ақ, дініміздің адамды адалдыққа, ізгілікке шақыратынын, әрбір жастың бос уақытын пайдалы әрі сауапты істермен өткізуі қажет екенін жеткізді.


Насихат барысында жастарға салауатты өмір салтын ұстанып, білім алуға, ізденуге және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуға шақыру жасалды.


Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, оларды жат қылықтардан сақтандырып, дұрыс бағытқа жетелеу болды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz