Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Ақбастау ауылының Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, адал еңбектің маңызы туралы тағылымды насихат айтты.
Іс-шара аясында имам еңбектің әрбір адамның өмірінде рухани да, материалдық та береке әкелетінін атап өтті. Сондай-ақ, жастарды жалқаулықтан аулақ болып, адал жолмен еңбек етуге шақырды.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары өнегелі насихатты ықыласпен тыңдады.
ҚМДБ Қарағанды облысының баспасөз қызметі