Қарқаралы ауданына қарасты Көктас ауылдық мешітінің имамы Данай Жәрдембектің ұйымдастыруымен мешіт ауласында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Шараға ауыл жамағаты мен жастар белсене қатысып, мешіттің ауласын тазалап, қоршаған ортаны абаттандыруға атсалысты. Жиналғандар шөп шауып, қоқыс шығарды және мешіт аумағын ретке келтірді.
Имам Жұмадилов Ербол мұндай сенбіліктердің бірлік пен ынтымақты арттырып қана қоймай, жастарға еңбексүйгіштік пен тазалықтың маңызын ұғындыруға сеп болатынын атап өтті.
Жамағат ортақ іске жұмылып, мешіттің көркейуіне үлес қосты.