Қарқаралы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық мешітінің имамы Жұмадилов Ербол мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, «Нашақорлық құрдымға кетіреді» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастарға нашақорлықтың жеке адамның денсаулығына, отбасына және жалпы қоғамға тигізетін зиянды салдарын түсіндірді. Ол есірткіге әуестенудің болашаққа балта шабатынын, адамды рухани және физикалық тұрғыдан әлсірететінін атап өтті.
Сонымен бірге оқушыларға уақытты тиімді өткізу, спортпен айналысу, пайдалы істерге атсалысу және жаман әдеттерден аулақ болу жайында кеңестер берілді.
Жиын соңында жастар имамға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауап алды. Мұндай тәрбиелік кездесулер жас ұрпақты жаман әдеттерден сақтандырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.