Қарқаралы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық мешітінде аймақ жастарына арналған тәрбиелік кездесу өтті. Басқосуда ауыл имамы Жұмадилов Ербол «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» тақырыбында насихат айтты.
Имам өз сөзінде жастарды еңбекқорлыққа, адал табыс табуға, уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Сонымен қатар білім алудың, ата-анаға құрмет көрсетудің және қоғамға пайдасы тиетін істермен айналысудың маңызын түсіндірді.
Жиын барысында жасөспірімдер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Имам олардың сауалдарына жауап беріп, өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Кездесу соңында жастарға адал еңбек етудің қоғам дамуына тигізер пайдасы айтылып, болашақ ұрпақтың елге пайдалы азамат болып қалыптасуына еңбекқорлықтың ықпалы ерекше екені атап өтілді.