Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде ұстаздар Муслима Абдрайм, Индира Нұрайқызы және Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен шәкірт қыздар арасында волейбол жарысы өткізілді.
Бұл спорттық іс-шара әйел жамағатының ауызбіршілігін арттыруға және ынтымағын күшейтуге бағытталды.
Жарыс қорытындысында шәкірттерге жүлделі орындар табысталып, жеңімпаздар марапатталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі