Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешіті мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірді
«Ар-Рахман» мешіті мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірді

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» бағыты аясында жүзеге асты.


Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тұрмысқа қажетті азық-түлік пен заттар таратылып, жамағат арасында өзара қамқорлық пен ізгілікті насихаттау көзделді.


Мешіт имамы қайырымдылықтың діндегі орны мен қоғамға берер берекесі туралы уағыз айтып, игі іске үлес қосқан жандарға алғыс білдірді.

Бұл іс-шараға мешіт жамағаты мен демеушілер белсене қатысып, мұндай ізгі амалдардың алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz