Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай рухани кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараны мешіттің бас имамы Азамат Төлеуханұлы ашып, Мәуліттің тағылымдық мәні мен салауат айтудың артықшылықтары жайында насихат жүргізді.
Арнайы қонақ ретінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы қатысып, Пайғамбарымыздың ﷺ көркем өнегесі мен рухани құндылықтардың қоғамдағы орны туралы тағылымды уағыз айтты.
Іс-шара барысында Мәуліт шәриф оқылып, салауаттар айтылды. Сонымен қатар мешіт имамдары тарапынан жамағатқа арнап интеллектуалды сұрақ-жауап ұйымдастырылып, пайғамбарымыздың ﷺ өмірінен өнегелі деректер талқыланды.
Кеш соңында мешіт ақсақалдары Пайғамбарымызға ﷺ мадақ айтып, дастарқан басында бата берді.
Бұл игі бастама жамағаттың рухани танымын арттыруға, пайғамбарлық өнегені насихаттауға және діни құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі