Қарағанды қаласындағы «Әл-Машани» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында Құран байқауы өтті. Мешіт ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы мен Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен өткен бұл сайысқа Құранды жаттап жүрген шәкірттер қатысты.
Байқау Құранның 30-парасынан және жарты парадан (Фәжр сүресінен Нәс сүресіне дейін) өтті.
30-пара номинациясы бойынша жеңімпаздар:
-
І орын – Ұлдай Жиенқалиқызы (50 000 ₸)
-
ІІ орын – Жұлдыз Рахматуллақызы (30 000 ₸)
-
ІІІ орын – Айман Төлеутайқызы (20 000 ₸)
Жарты пара номинациясы бойынша жеңімпаздар:
-
І орын – Сырайыл Сымбат (20 000 ₸)
-
ІІ орын – Пардакулова Закира (15 000 ₸)
-
ІІІ орын – Бақытқызы Мейрамгүл (10 000 ₸)
Бұл игі бастама шәкірттердің Құранға деген ықыласын арттырып, жаттау машығын шыңдауға жол ашты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі