Center Image
IHSAN.KZ
«Ерімбет ата» мешітінің имамы студенттермен кездесті
«Ерімбет ата» мешітінің имамы студенттермен кездесті

Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінің қызметкерлері діни-ағарту саласында еселі еңбек етіп келеді. Аталмыш мешіттің имамы Ерғазы Азамат Сайлауұлы Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.


Кездесуде жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және жат ағымдардың ықпалынан сақтану мәселелері сөз болды. Студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтаудың маңызы жайлы тың ақпараттарға қанықты.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz