Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен діни басқарма тарапынан қабылданған құжаттар бойынша кезекті жинын болып өтті.
Мешіт дін қызметкерлері бас қосқан жиын барысында бірқатар тапсырмалар беріліп, әр құжат жеке-жеке талқыға салынды. Атап айтқанда, “Зияткер имам тұжырымдамасы,”Зират және зиярат мәдениеті”, “Ас беру мәдениеті”, “Діни лауазымдар тізілімі”,”Діни қызметкерлер атқаратын діни рәсімдер тізілімі”,”Жеті рухани қазық”,”ҚМДБ-ның тұғырнамасы”,”Мұсылманның тұлғалық бейнесі”,”Имамның тұлғалық келбеті”,”ҚМДБ қызметкерінің этикасы”.Мешіт имамы аталмыш құжаттарды мешіт жамағатына, қала тұрғындарына кеңінен таныстыру, насихаттау жұмысын тапсырды.
Айта кетейік, Мүфтият бастамасымен «ҚМДБ концептуалды құжаттары» атты кітап болып шығарылған болатын. Әрбір дін қызметкері осы құжаттарды жіті назарда ұстап, қызмет бабында тұғырнама көрсеткеніндей мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәселелері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, емделуге, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты көзқарасты ұстануы негізделетіні түсіндірілді.