Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен мешіт ұжымына арналған жұмыс жиыны өтті.
Басқосуда бірнеше маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, алдағы өтетін мәуліт кешіне дайындық жұмыстары, діни оқу-ағарту бағытындағы шараларды жүйелеу, мешіттің қысқы маусымға дайындығы мен баспасөзге — газет-журналдарға жазылу тәртібі сөз болды.
Имам Асылхан Нұртайұлы ұжымдық жұмыстың үйлесімділігіне тоқталып, әрбір қызметкерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, жамағатқа көрсетілетін діни-ағартушылық қызметті күшейту, жастармен байланыс орнату, бұқаралық ақпарат құралдарында дін тақырыбын жүйелі насихаттау қажеттігін атап өтті.
Жиын соңында мешіт ұжымы алдағы жоспарланған іс-шараларды бірлесе атқаруға уағдаласты.