Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматыда өткен «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесінде «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС үздік халал кәсіпорындар қатарында марапаттады.
Марапаттау рәсімінде халал индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпорындар, сапалы өнім өндірушілер, сонымен бірге халал стандарттарын жетілдіруге атсалысқан мамандар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұл игі дәстүр адал еңбекті ынталандырып қана қоймай, халал саласында сапаны арттыруға және әділ бәсекелестікті дамытуға серпін береді.