Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағаттың бірлігі мен тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара мешіт имамы Асылхан Нұртайұлының бастамасымен өтті. Сенбілікке мешіттің қызметкерлері мен жамағат белсене қатысып, мешіт ауласын, айналасын және ішкі аумақтарын тазалады.
Имам Асылхан Нұртайұлы тазалықтың — имандылықтың бір бөлігі екеніне тоқталып, Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде айтылған: «Тазалық — иманның жартысы» деген өнегелі сөзін еске салды. Сондай-ақ, жамағатты әрдайым қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, мешіт пен қоғам игілігі үшін атсалысуға шақырды.
Жиналғандар бірліктің, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, игі істің сауапты екенін атап өтті.