Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы Шығыс базарындағы намазханада «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Баяндамасында имам адал еңбектің адам өміріндегі орны мен маңызына тоқталып, ислам дінінде еңбекқорлықтың құндылықтары Құран аяттары мен хадистер негізінде түсіндірілді. Сондай-ақ, еңбектің берекесі тек материалдық игілікпен шектелмей, адамның рухани дамуына, отбасының нығаюына және қоғамның өркендеуіне ықпал ететіні атап өтілді.
Насихат соңында жамағат адал еңбек ету – мұсылманның ең абзал қасиеттерінің бірі екендігі жөнінде тағылымды ой түйді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі