Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізілді
«Төлеутай ата» мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізілді
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде имам Рауан Төлеубекұлының бастамасымен қысқы маусымға дайындық жұмыстары жалғасуда.

Жоспарға сәйкес мешіт аумағында және ішкі бөлмелерінде жөндеу, әктеу және тазалау шаралары жүргізілуде. Бұл игі іс – мешіттің сән-салтанатын арттырып қана қоймай, жамағатқа қолайлы жағдайда құлшылық жасауға мүмкіндік беруді көздейді.

Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының айтуынша, «Жамағаттың құлшылық орнын таза әрі әдемі ұстау – әрбір мұсылманның ортақ міндеті. Қысқы маусымға дайындық аясында жасалып жатқан жұмыстар – осы жауапкершіліктің айқын көрінісі» деді.

Айта кетейік, мұндай сенбіліктер мен жөндеу шаралары жамағаттың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, мешітке деген қамқорлықты арттыра түседі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz