Center Image
IHSAN.KZ
«Хазрет Али» мешітінде жас отбасылармен кездесу өтті
«Хазрет Али» мешітінде жас отбасылармен кездесу өтті
Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен жас шаңырақ иелерімен кездесу өткізілді.

Жиын барысында имам «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды насихат айтып, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, ата-ана алдындағы парыз, ұрпақ тәрбиесінің жауапкершілігі жөнінде кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, жастардың өмірлік ұстанымында имандылық пен адалдықты басты орынға қою қажеттігі түсіндірілді.

Осы орайда Ербол Мұқанұлы қазіргі қоғамда өзекті болып отырған зиянды әдеттер, соның ішінде лудомания (құмар ойынға әуестік) және нашақорлықтың зияны туралы да кеңінен баяндады. Имам мұндай кеселдер отбасының берекесін қашырып қана қоймай, жеке адамның да болашағына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.

Кездесу соңында жас отбасылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, игі тілек пен батамен шара аяқталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz