Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Құрма ауылындағы мектеп мұғалімдерімен кездесті.
Кездесу барысында ұстаздарға жат ағымдардың залалды әсері түсіндіріліп, олардан сақтанудың жолдары айтылды.
Имам дәстүрлі діннің қоғамдағы орны мен тәрбиелік маңызына тоқталды. Мұғалімдер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, пайдалы мәліметтерге қанықты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі