Теміртау қаласы «Жақып Ақбай» мешітінде ұстаздар Нұртайқызы Индира, Абдраймқызы Муслима және Дәуірғалиқызы Ақниеттің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті.
Іс-шара Құран оқумен басталып, Мәуліт жыры дәріптелді. Сондай-ақ ұстаздар «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сипаттары және сүннетке амал ету» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кеш барысында викториналық ойындар ойнатылып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Мәуліт мерекесі жамағатқа рухани серпіліс сыйлап, мәнді де мазмұнды түрде өтті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі