Center Image
IHSAN.KZ
Ақадырда әйел жамағатына зорлық-зомбылыққа қарсы уағыз айтылды
Ақадырда әйел жамағатына зорлық-зомбылыққа қарсы уағыз айтылды

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызы әйел жамағатына «Ата-ана жәннаттың кілті» тақырыбында уағыз жүргізді. 


Кездесуде отбасындағы зорлық-зомбылықтың зияны түсіндіріліп, ата-ананы құрметтеудің маңызы атап өтілді. Ұстаз әйелдерге сабырлылық пен мейірімділіктің отбасындағы татулықты сақтаудағы рөлі жайлы насихат айтты. Жамағат уағыздан өнеге алып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz