Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде жамағаттың қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында мешіт ауласы тазаланып, айналасы ретке келтірілді. Жамағат бірлесе отырып, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, мешіттің көркін арттырды.
Игі істің мақсаты – жамағатты бірлікке, тазалыққа және мешітке құрметпен қарауға шақыру.