Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылдық «Мұқаш Тұрсын» мешітінің имамы Бахтияр Есімбеков ауыл мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында оқушылар арасында өлең оқу жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа қатысқан шәкірттер Абай атамыздың өнегелі сөздері мен даналыққа толы өлеңдерін жатқа оқып, ақын мұрасын жас буынға насихаттады.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан оқушыларға имам тарапынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Бұл игі бастама жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, қазақтың әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі