Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай жамағатқа арнайы VR көзілдірігі арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.а.с өмір тарихынан көріністер көрсетілді. Қатысушылар бұл сәтті ерекше әсермен қабылдап, Алла елшісінің өнегелі өмірін көзбен көргендей күй кешті.
Шара барысында Мәуліт оқылып, пайғамбарымыздың с.а.с салиқалы ғибратқа толы өмір жолы насихатталды. Жамағат рухани кештен үлкен әсер алып, Мәуліт айының маңызын тағы бір мәрте сезінді.