Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА «МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫДА «МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ
Қарағанды қаласында жаңадан бой көтерген құлшылық ордасының ашылу рәсімі өтті. Жаңа мешітке алаш арысы, ұлт қайраткері Міржақып Дулатұлының есімі берілді

Игі іс-шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай  Айтуғанұлы,  дін қызметкерлері, аймақтың зиялы қауымы мен жергілікті тұрғындары және ақсақалдары  қатысты.

Құлшылық үйінің ашылу рәсімінде облыс бас имамы арнайы сөз алып, алдымен ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Хазіреттің ыстық сәлемін жеткізді. 

Облыс бас имамы өз сөзінде: «Аллаға шүкір, Қарағанды облысында мешіттеріміздің қатары көбейіп келеді. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін»,- дей келе, жаңа мешіттің салынуына демеуші болып, игі істің басы-қасында жүрген  Шермағанбетов Аян Елеукенұлын, Омаров Бағлан Шәкәрімұлын,Райымбек Дәулетханұлын және Алмагүл Нугманқызын ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің алғыс хатымен марапаттады. 

Жаңа мешітке ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бұйырығымен Жасұлан Манапұлы имам болып тағайындалды. 

Айта кетейік, жаңа мешітте 200 адам еркін ғибадатын өтей алады. «Карабасская» 110 мекен-жайында орналасқан мешіт намазхана залынан бөлек, имамдар бөлмесі, дәретханасымен және 200 адамдық асханасымен қамтамасыз етілген. 

Ашылу салтанатынан кейін, жиналған жамағатқа  дастархан жайылып, ас берілді. ⠀
 ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz